Сауат ашу оқу іс-әрекетінің қорытынды сабақ конспектісі.
Главная » 2017 Февраль 25 » Сауат ашу оқу іс-әрекетінің қорытынды сабақ конспектісі.
Сауат ашу оқу іс-әрекетінің қорытынды сабақ конспектісі.
Тәрбиеші:Альмагамбетова Б.Г.
Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат»
Мақсаты: балалардың дыбыстар,сөз туралы білімдерін жетілдіру.Сөз құрамына дыбыстық талдау жасау,буыннан сөз құрау,буынға бөлу,сөздегі дыбыстардың айтылу ерекшелігін, (дауысты,дауыссыз белгілі бір дыбысқа сәйкес ойлап айту),фонематикалық есту қабілетін жетілдіру,схема бойынша 2-3 сөйлем құрай білуді қалыптастыру,балалардың сыйластық сезімдерін,бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: заттық суреттер «Бұлт», «Түлкі», «Мысық», «Ұл бала мен қыз бала» суреті,ат қою үшін қолданылатын заттық суреттер,сөйлем құрау сызбасы, буындар-са,жо,ар,фишкалар қызыл,көк.
Тарату құралдары:заттық суреттер бейнеленген карточкалар, қарындаштар,бағалау смайликтері.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,бүгін бізге сабағымызға қонақтар келіпті.Ендеше бәріміз қонақтарға сәлем беріп алайық.
«Құлыншақ»атты бақшаның
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен қонақпен,
Амандасып алады.
Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты
Қайырлы таң,апайлар,
Қайырлы таң,балалар!
Тәрбиеші:жарайсыңдар,балалар,осындай жақсы көңіл күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Аптаның қай күні?
Балалардың жауабы: күз мезгілі,қараша айы,сәрсенбі.
Ендеше сәрсенбінің сәтті күні сендерге сәттілік тілеймін!
Тәрбиеші:Сауат ашу сабағы бізге не үйретеді? (әріптер,буыннан сөз құрауды,оқуды ,жазуды үйретеді).Қазақ тілінде неше әріп бар?
Көркем: Алфавитті білеміз
Онда жүйе,қалып бар.
Біздің қазақ тіілнде
42-әріп бар.
Дыбыстарға байланысты қандай жұмбақ,тақпақтар білесіңдер?
Әліби : Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрдаы қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде ұғыншы?
Еркежан: А деген ол –аналар ғой ардақты,
Ә деген ол –әкелер ғой салмақты,
Б деген ол-балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Медина: Қол ұстасып дөңгелеп
Тұра қалдық екеуміз
Өзіміз де дөңгелек
Күнге ұқсайды екенбіз. (О)
Меруерт: Қолыма нық ұстаған
Шеге ұратын балғаның
«Т»әрпіне ұқсаған
Түрін көріп таң қалдым.
Жұмбақ: Ақжібек: Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақ та? (дыбыс)
Тәрбиеші: жарайсыңдар,балалар,бүгін біз сендермен «дыбыстар әлеміне»саяхатқа шығамыз. Қане, барлығымыз көзімізді жұмайық.Мен 5- ке дейін санаймын,сонда ғана көздеріңді ашасыңдар.Міне,біз сендермен «дыбыстар әлеміне»келдік.Сонымен біз «Дыбыстар қаласындамыз».Балалар,қалай ойлайсыңдар,бұл қалада біз нені ести аламыз? (дыбыстарды).Ал нені көре аалмыз? (әріптерді).Иә,балалар,дыбыстарды біз ести аламыз,әріптерді көре аламыз,оқимыз,қолмен ұстап көреміз.Балалар,қаладағы әріптер әлемінің бірінші көшесі «Дыбыстар»көшесі.Қане,есімізге түсірейік,дыбыстар қандай болады? (дауысты,дауыссыз,қатаң,ұяң,үнді).
1 тапсырма: «Бұлт» суретін тақтаға іледі.Балалар,мына бір сөз дыбыстарын жоғалтып алыпты, тауып беруге көмектесеміз бе? Бұл қандай сөз? «Бұлт»сөзінде неше дыбыс бар? (4) дыбыс. Кане,бірінші дыбысты жақсы есту үшін бәріміз айтып көрейікші. (бұұлт).Бұл сөзде бірінші қандай дыбыс ? (б) . (Б)дыбысын айтқанда бізге не кедергі болып тұр? (ерін).Бұл сонда қандай дыбыс? (дауыссыз).Қандай текшемен белгілейміз? (көк).Бұлт сөзіндегі екінші дыбысты жақсы есту үшін тағы қайталап айтайықшы. (бұұлт).Бұл дыбысты айтқанда ернімізге не кедергі болып тұр? (ештеңе).Олай болса бұл қандай дыбыс? (дауысты,өйткені еш кедергісіз айтып тұрмыз). Қандай текшемен белгілейміз? (қызыл). Қалған дыбыспен талдау жасайды.
Тәрбиеші тақтаға түлкінің суретін іледі. Балалар,мына сөз де дыбыстарын жоғалтып алыпты.Енді бұл сөзге өздерің дыбыстық талдау жасап,текшемен белгілеңдер. (балалар орындарында отырып талдау жасайды).Тапсырманы орындап болған соң бір баланы тақтаға шығарып талдау жасатады.
Қостілділік компонент: бұлт-облака,түлкі-лиса,мысық-кошка,суретші-художник,имя-есім.
Жарайсыңдар,балалар, барлық дыбысты дұрыс таптыңдар!
Сергіту сәті
Күркіреді күн-күн
Терезелер шың-шың
Жаңбыр жауды көп-көп
Шелек-шелек көп-көп.
Жон арқаңды тос-тос
Күнбағыс тез өс-өс.
Екі қанат қазда бар
Қазды іздесең сазға бар
Екі қанат құста бар
Қуып жет те ұстап ал,
Қаңқ-қаңқ қаздарым
Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа созыңдар
Қане,қазға ұқсаңдар.
2-тапсырма
Тәрбиеші: балалар, «дыбыстар әлемінде»суретші өмір сүреді екен,ол ұл бала мен қыз баланың суретін салып,олардың аттарын жазуды ұмытып кетіпті,қыз баланың аты мына суреттердің бірінші дыбыстарына тығылып қалыпты,ал ұл баланікі суреттің соңғы дыбыстарына тығылып қалыпты. (балалар алма,йогурт,шар, алмұрт,тарақ,нан, заттық суреттерден дыбыстарды қояды- Айша,Қанат). Аттарды әріптермен тақтаға жазады.
Енді біз , «Буындар мен сөздер»көшесіне тап болдық.Қараңдаршы,балалар,бізді мына жерде не күтіп тұр? (буындар).Қане,сөз шығу үшін мына буынға басқа буын қосып сөз шығарайық. Са, Жо, Ар буындарына балалар сөз ойластырады( самал, сабын,сағыз,сана,сағат,арна,арқа,арқау,жол,жоба,жолақ,жота).
Жарайсыңдар,көптеген қызықты сөздер ойластырдыңдар.
Енді «Буындар көшесінде» бізді тағы да бір тапсырма күтіп тұр.
3-тапсырма
Тәрбиеші: балалар,алдарыңдағы суретті алыңдар,онда не салынғанын қараңдар,осы сөзде неше буын бар,қанша буын болса сонша дөңгелек бояңдар. (балалар тапсырманы орындарында отырып орындайды). Кімде бір буыннан,екі буыннан,үш буыннан тұратын суретті көтеруін сұрайды.Жарайсыңдар,балалар «буындар көшесіндегі»тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
4- тапсырма
Тәрбиеші: балалар «Дыбыстар қаласында» «сөз бен сөйлем»көшесі бар.Қане, «Сөз қос»ойынын ойнайық. Тәрбиеші «қызыл» сөзін айтады,балалар сөз қосады, мысалы: қызыл гүл,қызыл орамал,қызыл кілем,қызыл доп, қызыл қызанақ, қызыл қарындаш.
Қызғылт сөзіне қызғылт-лента ,қызғылт машина,қызғылт-қарақат, қызғылт-жейде т.б.
Тәрбиеші : саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Бізді мына жерде мысық күтіп тұр.Мысық не дайындап қойды екен,көрейік. (сөйлем сызбасы). Сөйлемде неше сөз бар?(3) (2). Осы сызба бойынша «мысық»сөзіне балалар сөйлем құрайды. Мысалы:мысық сүт ішті,мысық ойнады. Тағы басқа сөздерден сөйлем құрастырады.
Балалар «дыбыстар еліндегі» саяхатымыз аяқталды. Сонымен біз бүгін қайда бардық,не істедік,не үйрендік?Өзін-өзі бағалау.Балалар смайликті таңдап,көрсетеді.
Всего комментариев: 0 | |