+7
101302, г. Сатпаев,
пр. Независимости 13

Қорытынды сабақ


Главная » 2017 » Февраль » 24 » Қорытынды сабақ

Қорытынды сабақ 2-«А»кіші тобы

«Көңілді қыс»

Тәрбиеші:Бостанова К.Т.

 

 

Бөлімі: Тіл дамыту

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: Көңілді қыс

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар.

Тәрбиеші: Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Барлығына құрметпен,

Бас иеміз біз!

 

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін,

Коньки, шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

 

Балалар: Қыс мезгілі (Зима)

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

 

Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

 

Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)

Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?

(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)

Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

(Алақай, деп қолдарын көтереді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан

 

Тәрбиеші: *Желтоқсан - жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.

* Қаңтар - жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.

*Ақпан - жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.

 

Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?

Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)

Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

 

Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?

Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.

Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.

Ойын арқылы денелерің шынығады.

 

Тәрбиеші: Балалар, біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?

Балалар: Жаңа жыл!

 

Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар сонымен қатар 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін, 1желтоқсан – Елбасы күнін тойлаймыз!

Балалар, мынау ненің суреті?

Балалар: Аққала (снеговик)

Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?

Балалар: Қардан

Тәрбиеші: Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.

Балалар қарды қолмен ұстап көреді.

Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?

Балалар: Ақ (белый)

Тәрбиеші: Қар мұздай ма, жылы ма?

Балалар: Мұздай

Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?

Балалар: Үш бөліктен тұрады (үлкен,орташа,кіші)

Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

Балалар: Дөңгелек (Круглый)

Ғажайып сәт.(Осы кезде аққала келеді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20160223_091939.jpg Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.

Тәрбиеші: Кел төрлет, сен туралы айтып отыр едік. Балалар, қонаққа не келді?

Балалар: Аққала

Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

«Қар жинау» ойыны.

Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді!

 

Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті.

Аққала: 1тапсырма:

 

Балалар сендерге жұмбақ жасырамын сендер шешуін табыңдар.

Қыста ғана болады,

  • қолың тоңады. (Қар)

 

 

Қыста шыны боп қатады,

  • су боп жатады. (Мұз)

Балалар жақсы көреді

Қыста ғана келеді,

Ән-жыр айтса қысылмай,

  • кәмпит береді. (Аязата)

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін орындап, бір серігіп қалайық:

 

Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп,

Хоккейді де ойнаймыз,

Шаңғыны да тебеміз.

Қар лақтырып, ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан

Спортшы болмай қоймаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

2. Тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі? (Балалар тақпақтар айтады )

 

20160223_092311.jpg Өктем үн жоқ өзінде,

Мұз қабағын түйіпті.

Қысылатын біздерме,

  • бізге сүйікті. (Нұржан)

 

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

  • қанатты көбелек. (Айтолқын)

 

Мақтадай ақ дала қар,

Әркімде бір шана бар.

Домаласып шуласып,

Сырғанайды балалар. (Жәния)

 

 

 

Аққала: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра алмаймын, еріп бара жатырған сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын. Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)

Қорытынды: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

Қыс мезгілі

Бізге бүгін қонаққа не келді?

Аққала

Барлығымызға ұнады ма?

Иә

Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

«Жүректен – жүрекке»

Қол ұстасақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!

Балалар енді бәріміз өзімізге осы қыстан естелік ретінде әрқайсымыз өз аққаламызды жасап алайық ия?!

Ал, бұл жасаған аққаламыз ерімейді және оны қыс өткен соң естелік ретінде қысты,қарды сағынғанда қарап еске алып жүретін боламыз.

 

Дата добавления: 19.08.2025
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0