Конспект занятия
Главная » 2017 Февраль 24 » Конспект занятия
Ортаңғы «А»тобы «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа өнеге» тақырыбында өткен ашық оқу іс-әрекеті. 2016 жыл (традиции откр)
Тәрбиеші:Альмагамбетова Б.Г.
Мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру;қазақтың ұлттық мәдениеті туралы білімдерін кеңейту;балаларға ата-бабаларымыздан қалған ұлағатты сөздермен,ұлттық тәрбиенің мағынасын түсіндіру;Отанын,салт-дәстүрін сүюге,мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: киіз үй жабдықтарымен, домбыра,қазақтың ұлттық киімдері,ою түрлері,үнтаспа,ақ жол,ала жіп,қайшы,арқан.
Сабақ барысы: А.Еңсеповтың «Балалық шақ» күйі ойнап тұрады.Балалар залға кіріп,қонақтарға қарап жартылай шеңбер құрып тұрады.
Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы, бүгін күн алтын сәулесін шашып тұр.Ендеше біз де күн сияқты күлімдеп,қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,кәнеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме,апайлар!
Бейбіт:
Ассалаумағалейкум,халқым менің,
Ардақта дәстүріңді,салтыңды елім.
Мереке басы болған берекенің,
Игі енбектің жемісін бәрін жегін!
Мансұр:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді
Ата-жолын жалғапты.
Нұрзат:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз.
Ән: «Домбырасыз ән қайда?»
Тәрбиеші:жарайсыңдар,балалар! Ал енді төрге шығып ,дастархан басында іс-шарамызды жалғастырайық. Балалар,қазір сендермен бірге «Кім зейінді?» ойынын ойнаймыз.Ойын шарты: мен сендерге сұрақ қоямын,сендер жауап бересіңдер.
Сұрақтар:
- Қуанышты хабарды жеткізуші адам не алады?(сүйінші)
- Бала дүниеге келгенде қандай той болады? (шілдехана,бесік той)
- Қай тойда беташар ашылады? (үйлену тойы)
- Үлкен адамдардың алдынан не істеуге болмайды? (кесіп өтуге болмайды)
- Тойда не шашылады? (шашу)
- Кішкентай бала енді жүріп келе жатқанда қандай рәсім жасалады? (тұсау кесер).
Тәрбиеші: Бүгін біздің сабағымыз ата дәстүрімізбен, өнеріміз туралы болмақ.Сендер қандай өнер түрлерін білесіңдер? (жұмбақ өнері). Қазір сендерге жұмбақ жасырамын ,сендер ойланып,жауабын табуға тырысыңдар.
1. Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды . (кереге, уық, шаңырақ) суреттерін көрсету. Бұлар қандай тұрмыстық заттарға жататын жабдықтар? ( киіз үй.) Киіз үйді көргендерің бар ма? (балалардың жауабы тойларда, наурыз мерекесінде тігіледі).Жарайсыңдар,балалар! Олай болса біздің қыздарымыздың дайындаған «Киіз үй» биін тамашалаңыздар. Жәния,Айсұлу,Әсима,Еркеназ,Айтолқын,Асылжан.
Балалар,тағы қандай өнер түрлерін білесіңдер? (айтыс). Айтыстың қандай түрлері болады? (қыз бен жігіт айтысы,қайым айтыс,сүр айтыс).
Тәрбиеші: Казір сол айтыстың бір түрі «Қыз бен жігіт»айтысына ортаға Бейбіт пен Айтолқынды шақырамыз.
Бейбіт:
Балабақша тойында,
Кім айтысар менімен.
Айтыс,айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Айтолқын:
Айтыс,айтыс болады,
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсаң көрейін,
Айтысып көр менімен.
Бейбіт:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Қоса алдың ба мән беріп,
Қанша болды санап көр.
Айтолқын:
Беске бесті қосқанда,
Он болады ей Бейбіт
Сен дейсің бе саусағын
Санай алмай жүретін.
Екеуі қосылып:
Білім,ғылым өнерге
Қанат қағар кезіміз.
Ата салтын ертенге
Жеткізетін өзіміз.
Тәрбиеші: жарайсыңдар,балалар. Казір тағы да сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын айтыңдар.
1.Әжеме өң берген,
Етегі желкендей,
Жиегін көмкерген
Киім еді ол нендей? (кимешек)
2.Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. (сәукеле)
3.Судан ғайып,
Әжемде бар қос қайық.(кебіс)
4.Іші егіс, сырты тегіс. (тон)
5.Дорбаға тығып бас бағын,
Байлай салдым қос жағын. (тымақ)
- Дұрыс. Енді , осы киімдер қай киімдер түрлеріне жатады?
- Ұлттық киімдер.
Тәрбиеші: Қазір сендердің білімдеріңді тексеріп көрейік. Мен ұлттық киімдердің атын атаймын ,сендер сол киімнің суретін тауып көрсетулерің керек. Жарайсыңдар,балалар.
Ендеше осы ұлттық киімдерден сән үлгісін тамашалаңыздар.
Аида,Бейбіт,Жәния,Тоғжан,Айтолқын.
Тәрбиеші: балалар, отырып шаршаған боларсыңдар , кішкене сергіп ,бой жазып алайық.
Ойын: «Арқан тартыс»
Музыка әуенімен шашу шашып,немересін ерткен әже кіріп келеді.
Әже:
Ақ сандықты ашайын,
Шашу,шашу шашайын.
Бұл мереке ұлы той,
Бастаңғыны бастайын.
Тәрбиеші: Сәлем бердік,әже! Біздің балабақшамызға хош келдіңіз.Балалар әжемізге сәлем берейік. (балалар әжемен амандасады).
Әже: Армысыңдар,балалар! Бақытты болыңдар! Мен осы балабақшада салт-дәстүр туралы іс –шара өтіп жатыр деген соң әдейі арнап келдім.
Тәрбиеші:Келгеніңіз дұрыс болды әже! Қазақ халқы әркашанда ырымдап жолы болғыш,көп балалы,бақытты жанұяға кішкентай баланың тұсауын кестіретін болған. Осы жерде кішкентай немерем отыр еді,сол немеремнің тұсауын кесіп берсеңіз.Ендеше «тұсау кесу»рәсімін Қалдықыз әжеге кестірейік. Тұсау кесіп жатқанда ала жіп туралы айтып өтеді.
«Тұсау кесу»рәсімі жасалады.
Қаз-қаз балам,қаз балам
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз балам,қаз балам
Тақымыңды жаз балам.
Қадамыңа қарайық
Басқаныңды санайық.
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың! (шашу шашылады).
Тәрбиеші:
Балалар,сендер байқап отырған боларсыңдар, сендердің үстілеріңдегі киім ,көрпе,киіз үй жабдықтары барлығы немен безендірілген? (ою).Оюды не үшін қолданады?
Айсұлу: Ою күнделікті тұрмысқа үй жиһаздарын-сырмақ,текемет,көрпе ,киіз үйдің керек –жарағын безендіруге қолданады.
Сендер қандай ою түрлерін білесіңдер? Балалардың жауабы (қошқар мүйіз, құс мұрын, түйе табан,түйе мойын,ирек,су) т.б. Жарайсыңдар балалар,көптеген ою түрлерін біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Ендеше тағы да сендердің білімдеріңді сынап көрейік.
Қазір балаларымыз өздерінің білетін ою-өрнек түрлері туралы айтып өтеді.
Мирас О: Қошқар мүйіз - әл ауқатымыз жақсы,молшылықтамыз дегенді білдіреді.
Жәния:Құсқанаты – ұшқан құстай ерікті,бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.
Нұрай:Түйе табан –алыс сапар белгісі .
Мансұр:Түйе мойын –қажымас еңбекқорлықтың белгісі,еңсеңді көтер деген сөз.
Аида:
Тәрбиеші:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің! дей отырып,балаларымыздың Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына арнап дайындаған биін тамашалаңыздар.
Вальс: Жанжігіт, Нұрзат,Айсұлу,Әсима,Айтолқын,Аида,Мирас, Бейбіт.
Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқы дастарханға отырарда ж/е тамақтанып болған соң не айтады? (біссіміллә,бата береді)
Ал енді атам қазақ айтқандай : «Жаңбырменен жер көгерер,батаменен ел көгерер»дегендей мына дастарханға ақ тілек,ақ бата беруді ...........сұрайық.
Бата:
Біссіміллә,рахмани рахим,
Әуелі құдай оңдасын,пайғамбарым қолдасын
Мына тұрған дастархан,әрқашанда жайнасын
Ұрпақтарың өрбісін,Аллам оны қолдасын! Әумин!
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар! Халқымыздың әдет-ғұрып пен дәстүрін,тарихын біліп,оны қастерлеп,бүгініміз бен келешегіміздің қайнар көзіне айналдыру әркайсымыздың азаматтық борышымыз.
Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,ұнасымды ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап,жаңартудан қашпайық.
Уакыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!
Всего комментариев: 0 | |