+7
101302, г. Сатпаев,
пр. Независимости 13

«Алтын күз»


Главная » 2017 » Февраль » 24 » «Алтын күз»

Ертенгілік сценариі орта «Жұлдыз» тобы
Тәрбиеші: Бостанова К. Т. Абеуова Ж.Ж.


Жүргізуші :Бостанова К.Т.
Күз ханшайым :Абеуова Ж.Ж.
Дәрігер: Арыстанбаева Ж.Ж.

(Балалар залға музыкамен билеп кіреді.)
1 Бала : Нұржан
«Алтын күз міне алдымда
Сары ала кілем жапырақ
Қауын қарбыз жүзіммен
Көз тартады атырап
Егінім пісті алқапта
Қазағымның ырысы
Төрт түлігім семірді
Көз тартады тұрысы
Құтты болсын алтын күз!» (Нұржан)
2 Бала : Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті
Әнге бөлеп жастарды. (Асима)
3 Бала:
Берекесін силауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді. ( Қ.Мирас)
Жүргізуші ;Құрметті қонақтар .Жұлдыз орта тобының «Алтын күз»мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!.Біздің тобымыз бүгін ән жырларымен, өнерлерімен сіздерді қуантып, ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Ән: Алтын күз.
Балалар орындарына отырады.
Жүргізуші:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.
Қайың терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ.
Жерге түсіп шашылған
Жапырақтар қобырлап
Аулаларға тарайды.
Бұл қай мезгіл ? (Күз)
Балалар сендерге күз., ұнайды ма ?Күзде қандай табиғат құбылыстары болады? Не себепті Алтын күз деп атаймыз?
Балалардың жауабы ; дала сары түске боялады,жапырақтар түседі,ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауды, күн салқындайды.
Жүргізуші : Балалар бізге Күз ханшайымы қонаққа келе жатыр ,кәне, бәріміз бірге Күз ханшайымын қарсы алайық.
Күз ханшайымы(музыкамен кіреді)
Күз ханшайымы ;Салеметсіңдер ме менің кішкене ғана бүлдіршіңдерім,мені аялаған достарым.(Балалар амандасады) Кәне ,жапырақтар ортаға шығыңдар шыр айналып билейік.
Би: Жапырақтар.
Күз ханшайым: Ал, балалар мен енді сендердің тапқырлықтарыңды, жылдамдықтарыңды сынағым келіп тұр. Ол үшін сендермен ойын ойнайсақ калай болады?. Ойнаймыз ба балалар? (Ойын шартын түсіндіреді)
Ойын; «Кім жылдам?»
Тақпақтар:Әсема,Жәния,Қ.Мирас,Бинұр,Нұрзат, ,Диас,Бейбіт,Кенжебай.
Би:Қолшатыр
Балалар көңілді би билейді ;би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды.
Жүргізуші :Ой балалар Айтолқын ауырып қалды дәрігер шақырайық.
-Балалалар;дәрігер,дәрігер.(жедел жәрдем дыбысы естіледі ,Дәрігер келеді)
Дәрігер ;Қазір қарап шығайын,неден ауырғанын ұғайын,(Фондоскоппен кеудесің тыңдайды)
Дәрігер :А ааа деп қане аузынды ашшы (тексереді)
Тістерің орнында тамағын іспеген
Қол аяғың әлсізденген
Білдім неден ауырғанынды
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген.
Жүргізуші: енді не істейміз?(Қалта телефон шығарып қоймаға қонырау шалады;машина келеді.)
-Алло ,алло қойма ма? Бізге жемістермен көкеністер керек машинаға тиеп жіберіңіз.Мүмкін болса тезірек.(Машинаның дыбысы естіліп,руль ұстаған жүргізуші бала жемістермен көкеністерді тиеп алып келеді) (Тақпақтар айтылады)Мансұр,Тоғжан,Сабыр,Нұржан.
Жүргізуші:Бойға қуат нәрі,
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана.
Жүргізуші: Ал,балалар дәрумендермен күш жинап алдық, енді ертеңгілігімізді әсем әнмен жалғастырайық.
Ән: Осень
Тақпақ:Аида,Нұрзат,Нұрай,Дидара,Сұлтан.(орысша) Нұржан, Мирас.О. Айда, Нұрай. (ағылшын)
Би: Ұлдар(Джентельмены).
Тақпақтар : О.Мирас,Әли,Айтолқын,Асылжан,Еркеназ.
Жүргізуші : Ал, енді құрметті қонақтар! Біздің топтың әсем аруларының арасынан «Күз ханшайымын» таңдап алсақ қайтеді. Ол үшін қонақтар арасынан «Қазылар алқасын» тағайындайық. (3 ата -ана тағайындалады.)
Енді аруларымызды ортаға шақырайық. Бұл сайысымыздың ерекшелігі аруларымыздың үстіндегі киімдер, ата аналардың қиялдарымен тігілген. Қазылыр алқасына, қыздарымыздың сұлулығы , жүріс тұрыстарымен бірге осы киімдердің ерекшеліктерін де бағалауын сұраймыз.
( Сейсенбек Тоғжан, Кенжетай Айда, Булегенова Асема,
Нұрланқызы Асылжан)


Жеке орындауда ән: Золотая осень. (Нұрай)
Күз ханшайымы;Балалар сендерге рахмет.Сендердің арқаларында көнілім бір көтеріліп қалды.Енді, менің басқада балаларға баруым керек .Сендермен қоштасуға тура келеді.Ал, мынау менің сыйым(алма )Ал балалар қош сау болыңдар.
Жүргізуші;балалар сеңдерге Алтын күз мерекесі ұнады ма? олай болса ән салып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Ән;«Жомарт күз»
Жүргізуші ;Ертеңгілігімізді тамашалаған ата- аналар, қонақтармен бала бақша басшыларына көп рахметімізді айтамыз.Келесі күзде кездескенше сау болыңдар

Дата добавления: 19.08.2025
Всего комментариев: 0
omForm">
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Февраль 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0